Газа секторында он күндік азық-түлік қоры қалды
Газа секторындағы азық-түлік қоры бір жарым аптаға ғана жетеді.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Өйткені кейінгі жарты айда гуманитарлық көмек жеткізу жағы шектелген. Бірақ Израиль әскері бұған кедергі келтірген жоқпыз дейді. БҰҰ-ның дерегінше, бүгінде Газа секторында егіс алқаптарының 70 пайызы бүлінген. Осыған байланысты мамандар қақтығысты тоқтатып, көмек жеткізуді ретке келтіруге шақырып отыр. Әйтпесе жергілікті халықтың 16 пайызы аштыққа ұшырауы мүмкін дейді.