Израиль Ливанның оңтүстігіндегі халықты эвакуациялауды сұрады
Израиль әскері Ливанның шекара маңындағы оңтүстік аймақтарына шабуылын жалғастырып жатыр.
Сол себепті бітімгерлер мен бейбіт тұрғындарды елден дереу кетуін талап етуде. Израиль қорғаныс әскерінің ресми өкілі әлеуметтік желіде осылай деп жазды. Айтуларынша, бұйрық соғыс қимылдары күшейген жағдайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Қазір 23 елді мекенге қауіп төніп тұр. Израиль кейінгі бірнеше күнде Ливан аумағын бомбалауын күшейткен.