Нетаньяхудың жеке резиденциясы әуеден атқыланды
Ливан әскері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Кесария қаласындағы жеке резиденциясын әуеден атқылады.
Соққы ғимаратқа дөп тиді деп хабарлайды The Times of Israel басылымы. Шабуыл кезінде Нетаньяху мен оның жұбайы кеңсе ішінде болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында жолдар жабылып, жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейін, бұл кейінгі жылдары Израиль аумағына бағытталған ең ауыр соққы болуы мүмкін. Әзірге ресми Тель-Авив соққыға қарсы шара қолдану жөнінде еш пікір білдірген жоқ.