Ливан Израильдің солтүстігін атқылады

Ливан әскері Израильдің солтүстігін ондаған зымыранмен атқылап, 1 адам қаза тапты. Тағы 9 адам жарақат алған. Бұл туралы Al-arabiya news басылымы хабарлады.

Олардың сөзінше, соққы нысанаға дөп тиіп, ғимарат пен көлікке зақым келді. Зымырандардың бірі Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жазғы үйіне жіберілді, деп жазады басылым.

Ицик Билет, Хайфа округі командирінің орынбасары:

- Біз зымыран құлаған Кирят-ата аймағында тұрмыз. Соққы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалды. Олардың ішінде балалар да бар. Олар шабуыл кезінде біздің айтқанымызды дереу орындап, қауіпсіз жерге қарай қашты.