Иран министрі Газа мен Ливанда бейбітшілік орнайды деген үмітте
Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Аракчи Газа секторы мен Ливанда бейбітшілік орнайды деп үміттенеді.
Бұл туралы EFE ақпараттық агенттігі хабарлайды. Саясаткер Иран Израиль, ХАМАС ұйымы және «Хезболла» арасындағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын атап өтті. Сонымен бірге Аббас Аракчи Таяу Шығыста шиеленіс күшейсе, Тегеран кез-келген жағдайға дайын екенін жеткізді. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Яхья Синвардың өлімінен кейін «ХАМАС ұйымы Газа секторында бұдан былай билік жүргізбейді», - деп мәлімдеген болатын.