Палестиналық дәрігерлер Израильден Рафах бақылау-өткізу бекетін ашуды сұрады

Газа секторында медицина мамандары Израильден Рафах бақылау-өткізу бекетін қайта ашуды өтінді, деп хабарлайды 24kz.

«Әуе шабуылынан зардап шеккен тұрғындарды емдеу үшін қажетті медициналық құралдарды аумаққа кіргізуге мүмкіндік аламыз», - дейді дәрігерлер. Өйткені жараланған тұрғындар күнен күнге көбейіп келеді. Алғашқы көмек көрсететін дәрі мен құрал-жабдық мүлдем жоқ. Рафах бақылау-өткізу бекеті мамыр айынан бері жабық тұр.

Айта кетейік, Газа секторында қақтығыстан қаза тапқан палестиналықтардың саны 42500-ге жетті.

Мұхаммед Шахина, Әл-Ақса ауруханасының маманы:

- Зардап шеккендердің көбі кеуде жарақатын алған. Оларға шұғыл ота жасалуы керек. Кезекте тұрған науқастар тым көп. Рафах шекара бекеті жабылғалы бері біз дәрі-дәрмек тапшылығын қатты сезінудеміз. Халықаралық ұйымдардан көмек сұраймыз.