Францияда су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Францияда су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Францияның оңтүстігіне 2 күн бойы жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Мұндай жағдай кейінгі 40 жылда болмаған. Әсіресе, Ардеш және Лозер аймақтарында ахуал күрделі. Мыңдаған тұрғын апатты аймақтардан қауіпсіз жерге көшірілді. Билік өңірде қауіптің «қызыл» деңгейін жариялады. Апатқа байланысты теміржол қатынасы тоқтап, автөкөлік қозғалысы шектелді. Тасқын салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар аса қажеттілік болмаса тұрғындарды далаға шықпауға шақырды.