Израиль әскері «Хезболла» ұйымының жерасты нысанын талқандады

Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының 50-ден аса туннелін талқандады, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін 100 тонна жарылғыш зат қолданылған. Жер астындағы үңгірлер аймақтық командалық бекет ретінде пайдаланылған. Онда қару-жарақ, оқ-дәрі, мотоциклдер мен азық-түлік қоры сақталған. Израиль әскері өңірде «Хезболла» ұйымының инфрақұрылымдарын қирату үшін шабуылдарды үдетіп жатыр. Сөйтіп, кейінгі тәулікте 80-нен аса соққы жасалған. Соның салдарынан 30 адам қаза тауып, 130-дан астамы жараланды. Ливандық ұйым да кешеден бері еврей еліне 200 зымыран ұшырған. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.