Суданда тырысқақ індеті тез тарап барады
Суданнның 3 миллион тұрғынына тырысқақ жұқтыру қаупі төніп тұр. ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қақты. Қазірдің өзінде 26 мыңдай адам ауру жұқтырған. Солардың 722-сі аурудан қайтыс болды.
Мамандар: «Бұған былтырдан бері жалғасып келе жатқан қарулы қақтығыс себеп», – дейді. Себебі сумен жабдықтау жүйелері бүлінген. Тұрғындар таза судан тарығып отыр. Ол аздай атыс-шабыстан ауруханалардың 70%-і жұмыс істемейді. Науқастар дер кезінде ем қабылдай алмайды. Ашық тұрған емханалардың өзінде дәрі-дәрмек тапшы. Қазір Шығыс Африкадағы бұл елде тырысқаққа қарсы вакциналау науқаны басталып кетті.