Тбилисиде Еуроодаққа қосылуды қолдаушылар шеру өткізді

Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам шеруге шықты. Олар Еуроодаққа қосылу ісін үзбеуді талап еткен. Бұған дейін Еуроодақ басшылығы «кәрі құрлықтағы» бірлестікке гүржі елінің кіру үдерісін доғарғанын мәлімдеген еді.

Қазір Грузияда саяси өмір қатты қызып тұр. 26 қазанда парламент сайлау өтуге тиіс. Оған Батысты қолдайтын 4 оппозициялық партия қатыспақ. Ереуілшілер Тбилисидегі «Бостандық» атты бас алаңға жиналған. Сарапшылар: «2008 жылғы сайлауда «Грузия арманы» партиясы билік басына келгелі бұл ел еуроинтеграциядан алыстай бастады», – деп пайымдайды.