Хезболланың ақша жағынан жауапты басшысының көзі жойылды

REUTERS

Израиль әскері Сирияда ливандық «Хезболла» қозғалысының қаржы бөлімі басшысының көзін жойғанын хабарлады.

Әзірге оның аты-жөні аталмай отыр. Марқұм ұйымға Ираннан ақша тартуға жауапты болған. Осы шабуыл кезінде тағы 1 адам ажал құшып, үшеуі жараланды. Бұған дейін Израиль әскері "Әл-Қард Әл-Хасан" қаржы ұйымының бірнеше филиалын бомбалаған болатын. Бұл мекеме "Хезболла" мүшелеріне жалақы аударып, қару-жарақ сатып алуға демеуші болған көрінеді.