Израиль: «Хезболла» күйремейінше соққыны тоқтатпаймыз
Израиль «Хезболла» қозғалысын күйретпейінше, оның нысандарына соққы беруді тоқтатпайды.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Катц әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Тақауда Израиль әскері Ливандағы қаржы орталығына шабуыл жасаған еді. Еврей әскерінің дерегі бойынша әл-Кард-әл-Хасан ұйымы «Хезболла» қозғалысын қаржыландырумен айналысады. Аталған нысаннан бөлек Бейруттың оңтүстігінде де бірнеше ғимаратқа соққы жасалған.