Нью-Мексико штатында тасқыннан екі адам көз жұмды

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында тасқыннан 2 адам көз жұмды.

Тағы 40-қа жуық америкалық зардап шеккен. Аймақ билігі төтенше жағдай жариялады. Әсіресе Розуэлл қаласы үлкен шығынға ұшыраған. Шаһарда 1 түннің ішінде жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 30 пайызы түсті. 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшіріліп, уақытша паналау орталықтарына орналасты. Штатта мектептер, әуежайлар мен басқа қоғамдық орындар жабылды. Құтқару жұмысы жалғасып жатыр.