Израиль Бейруттегі тұрғын үйді атқылады
Ливанда бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр.
Бұл жолы Израиль әскері Бейруттағы тұрғын үйді атқылады. "Рейтердің" хабарлауынша, соққыдан 4 адам ажал құшып, 24-і жараланды. Қантөгіс орнына 15 "жедел жәрдем", 2 өрт сөндіру көлігі келді. Құтқарушылар қиранды астын әлі қарап жатыр.
Бұл үйге қарама-қарсы жерде үлкен аурухана орналасқан екен. Израиль әскері ол жерден бункер тауып, жарты миллион доллар мен алтынның үстінен шықты. Олар бұл "Хезболлаға" тиесілі қазына дейді. Бірақ аурухана директоры бұл айыптауды жоққа шығарды.
Израиль
Даниэль Хагари, Израиль әскерінің өкілі:
"Бункер Бейруттың орталығындағы "Сахель" ауруханасының тура астында орналасқан. Ол жерден қолма-қол ақша мен алтын таптық. Сондай-ақ бункерде бірнеше бөлме, төсек-орын бар. Онда ұзақ тұру үшін бар жағдай жасалған."