Корея өнертапқыштары ұшатын арба жасап шығарды

Оңтүстік Кореяда ұшатын арба жасалды.

Оның кәдімгі қоларбадан айырмашылығы көп қабатты үйге жүк жеткізе алады. Жобаға Сеулдегі Ұлттық Ғылым және технология университеті мұрындық болған. Әрине технологиялық арба пультпен басқарылады. Мамандар дронды пайдаланған. Әзірге арба 3 келі жүкті көтереді. Егер сынақ сәтті өтсе, жоба одан әрі жетілдіріліп, кейін нарыққа шығады. Ғалымдар бұл адамдардың тұрмысын жеңілдетеді деп үміттенеді.

Ли Сеуң-Джей, профессор:

"Бұл арба модельсіз онлайн массаны бағалау жүйесіне негізделген. Оны бір жағынан әуе тасығыш деп те атауға болады. Біз бұл технологияны әлі де жетілдіріп жатырмыз. Қондыру тетігін, антенналары мен батареяларын дамытамыз."