Кубада дауылдан қаза тапқандар саны артты
Кубада Оскар дауылынан көз жұмғандар саны 6 адамға жетті.
Бұл туралы ел президенті Мигель Диас-Канель мәлімдеді. Табиғи апаттан Гуантанамо провинциясы қатты зардап шеккен. Көп жерде толассыз жаңбыр жауып, тасқын жүрді. Құтқару жұмысы әлі жалғасып жатыр. Метеорология институты дауылдың бәсеңдей бастағанын айтады. Елде жарық та өшкен. Жалпы "Бостандық аралында" кейінгі 3 жылдан бері электр жарығы жиі сөнеді. Оған желілердің ескіргені, су электр стансаларындағы техникалық ақаулар мен жанармай тапшылығы себеп.
Мигель Диас-Канель, Куба президенті:
"Өкінішке қарай, дауыл салдарынан 6 тұрғын опат болды. Мамандар табиғи апаттан келген шығын көлемін есептеуге кірісті. Бірақ су тасқыны жүрген жерлерге бару қиындық тудыруда."