Израильдің кезекті соққысынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Израиль әскерінің Бейруттегі орталық қалалық аурухана жанындағы ғимаратқа жасаған әуе соққысынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Тағы 57 адам жарақат алған. Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұған дейін 4 тұрғынның опат болғаны туралы ақпар тараған еді. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Израиль мен «Хезболла» арасындағы қарулы қақтығыс өршігелі Ливандағы медициналық мекемелерге 23 рет шабуыл жасалғанын айтады. Соның салдарынан 72 адам көз жұмып, 43-і зардап шеккен.