Перудің экс-президенті 20 жылға сотталды
Перуде экс-президент Алехандро Толедо 20 жыл 6 айға сотталды.
Жоғары сот Толедо Перу мен Бразилия арасындағы күрежол құрылысын салатын мердігерді таңдау кезінде бразилиялық компаниямен ауыз жаласып, 35 миллион доллар пара алғаны үшін кінәлі деп таныған. Аталған компания тергеу кезінде Латын Америкасы елдері мен АҚШ-та жоғары лауазымды тұлғаларды сатып алдық деп мойындаған. Сот ісі 1 жылға созылды. Перуді 2001 және 2006 жылдар аралығында басқарған экс-президент сүттен ақ, судан тазамын деп бет бақтырмаған еді.