Газада Израиль шабуылдарынан 100 мың адам зардап шекті
2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан Израиль шабуылдарынан Газа секторында 100 мыңнан аса азамат зардап шеккен.
Бұл туралы анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында хабарлады. Аталған ведомство келтірген дерек бойынша кейінгі тәуліктің өзінде еврей армиясының атқылауынан 84 адам көз жұмған. 154 палестиналық жарақат алған. Жалпы Таяу Шығыстағы ахуал былтыр қазанда ушықты. Содан бері қарулы қақтығыстың тоқтайтын түрі жоқ.