Израильдің әуе күштері «Хезболланың» командалық орталықтарын атқылады
Израиль әуе күштері «Хезболла» қозғалысының командалық орталықтарын атқылады, деп хабарлайды 24kz.
Еврей елі қорғаныс армиясының баспасөз қызметі келтірген мәлімет бойынша Ливанның оңтүстігінде бас-аяғы 10 нысанға соққы жасалған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, шабуылға дейін аталған аймақта өмір сүретін тұрғындарға хабар берілген. 23 қыркүйекте Израиль «Хезболлаға» қарсы «Солтүстік жебелері» операциясын бастаған еді. Содан бері аталған қозғалыстың Ливанда орналасқан әскери нысандарына әуеден соққы жасалып келеді.