Газада Израиль әскерінің әуе соққысынан 12 адам қаза тапты

Израиль әскері Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахия мен Джебалия қалаларына әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды 24kz.

12 адам қаза тауып, 30-дан астам палестиналық зардап шеккен. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Газа билігі: «Құрбандар қатары тағы өсуі мүмкін», - дейді. Өйткені бұл жолғы әуе соққылары адамдар көп жүретін босқындар лагеріне жасалған. Көпқабатты үйлер жермен-жексен болған. Жарақат алғандар «Әл-Ахли» ауруханасына жеткізілді. Бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымы: «Израиль әскері Газа секторын негізгі аумақтан оқшаулап тастады», - деп айыптаған болатын.