Ливанда Израиль әскерінің шабуылдарынан 15 адам ажал құшты
Израиль әскері Ливан астанасы Бейрутты бомбалап, 10 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 5 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұдан бөлек, Израиль Набатия қаласындағы үйлерге әуе соққысын жасап, 5 адам ажал құшып, 21 кісі жараланған. Құтқарушылар марқұмдардың денесін қиранды астынан әлі ала алмай жатыр.
Сарапшылар: «Израиль әскері бейбіт тұрғындарды атқылап алып, «Біздің негізгі мақсатымыз – «Хезболла» қозғалысының нысандары еді» деп ақталуды әдетке айналдырып алған сыңайлы», - дейді.