«Хезболла»: Шабуылдар толастамайынша, Израильмен келіссөздер жүргізілмейді

«Хезболла» қозғалысы аймақтағы атыс тоқтамайынша, Израильмен келіссөз жүргізбейді. Ұйымның ақпараттық қызмет басшысы Мұхаммед Афиф баспасөз мәслихатында осылай деді.

Оның айтуынша, шабуылдар толастамайынша, Израильмен келісімге келу мүмкін емес. Мұхаммед Афиф Израиль жасап жатқан қылмыстың негізгі сыбайласы АҚШ екенін айтып, жауапкершілікті Америкаға жүктеді.

«Себебі бұл ел халықаралық конвенцияда тыйым салынған ақ фосфорлы оқ-дәрілер мен кассеталық снарядтарды жеткізуді жалғастырып жатыр», - дейді ол.