Израиль «Хезболланың» 70 мүшесінің көзін жойды
Израиль бір күнде Ливандағы «Хезболла» қозғалысының 70 мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды 24kz.
Шабуыл елдің оңтүстігінде жасалған. Бұл туралы Израиль әскері әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Бұдан бөлек, операция кезінде «Хезболланың» жерасты инфрақұрылымы, қару-жарақ қоймасы, миномёттер, зымыран ату қондырғылары мен басқа да әскери техникалары талқандалған.