Түрік әуе компаниялары Иран бағытындағы рейстерін тоқтатты
Түркияның Pegasus және Turkish Airlines компаниялары Иран бағытындағы барлық рейсін тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.
Шектеу 1 қарашаға дейін күшінде болмақ. Бұған Израильдің Иранға қарымта шабуыл жасау қаупі себеп. Бұл туралы Turkiye Today агенттігі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Иран қазанның 1-інен 2-сіне қараған түні Израиль жаққа 200-ге жуық баллистикалық зымыран атқан болатын. Олардың көбін Израиль мен АҚШ-тың әуе қорғаныс жүйесі қағып түсірген. Ресми Тегеран: «Бұл Израильдің Ислам төңкерісі сақшылары корпусының жоғары лауазымды офицерлері, «Хезболла» мен ХАМАС саяси бюросы басшыларының өлімі үшін кек қайтару әрекеті», деп мәлімдеген еді.