Кубада дауылдан қаза тапқандар саны артты

Кубада «Оскар» дауылынан ажал құшқандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Бәрінен де Гуантанамо және Сантьяго-де-Куба қалалары қатты зардап шеккен. Аталмыш аймақтардан 6 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. «Эй-Пи» агенттігі олар уақытша паналау орталықтарына орналастырылды деп хабарлаған. Билік құтқару жұмыстарына әскер, авиация мен «Қызыл Крест» қызметкерлерін тартты.

Айта кетейік, Кариб аралдарына «Оскар» дауылы 2 күн бұрын келген болатын. Салдарынан ірі жылу электр стансасында апат болды. Тұрғындар бірнеше күннен бері жарықсыз отыр.