Анкарада теракт болды. LIVE

Қазір Анкарадағы терактіге тоқталып өтсек.

Аэроғарыш компаниясы ғимаратының аумағында жарылыс болды. Іле-шала оқиға орнында атыс дыбысы естілген. Оқиғаның мән-жайы туралы не айтасыз?

Меруерт Қанағат, тілші: 

- Анкарадағы түрікше атауы ТУСАШ,  Түрік аэроғарыш өнеркәсібіне лаңкестік шабуыл жасалды. Қаза тапқан және зардап шеккендер бар.  Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеді. Айтуынша, террор акті Анкараға 60 шақырым қашықта орналасқан Қаһраманказандағы қорғаныс өнеркәсібі нысанында болған. Тап қазір оқиға орнына қауіпсіздік сақшылары жедел жәрдем жұмылдырылды. Жағдайға байланысты, елдің ақпарат басқармасы тек қана ресми мәлімдемелерге назар аударуға шақырып отыр. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі дегеніміз не? Қандай мекеме осы сауалдарға жауап берейін. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі негізі 1973 жылы қаланған. Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі сыртқы тәуелділігін азайту мақсатында Индустрия және технология министрлігі құрамында құрылды. Бізге белгілі Анка дрондары, Атак тікұшағы, Көктүрік ғарыш айлағы тап осы жерден шығады. Яғни, қорғаныс саласында ең маңызды әрі ірі әскери қару мен көлік, ұшақтары тап осы жерден шығарылады.