Флорида штатында қауіпті вирус таралып жатыр
АҚШ-тың Флорида штатында адам өміріне қауіпті, Вибрио вулнификус (( Vibrio vulnificus)) вирусы таралып жатыр.
Осы уақытқа дейін 13 адам көз жұмған. Тағы 74 тұрғын сырқатқа шалдыққан. Бұл туралы Гардиан ((The Guardian)) басылымы хабарлады. Мамандардың айтуынша, аталған індет "Хелен" және "Милтон" дауылдарынан кейін кеңінен етек жайған. Себебі тасқын су, бактериялардың көбеюіне өте қолайлы орта дейді олар.