Түркия Сирия мен Ирактағы «Күрдістанның жұмысшы партиясының» нысандарына соққы жасады

Түркия Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі «Күрдістан жұмысшы партиясының» 32 нысанына соққы жасады. Елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, бұл операция лаңкестік топ мүшелерінің көзін жоюға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шекараны қорғауға бағытталған.

Нақты қандай нысандардың бомбаланғаны туралы ақпарат жоқ. Түркия билігі: «Бейбіт халыққа зиян келтірмес үшін барлық сақтық шаралары қабыланданды», – дейді.