Үндістанға «Дана» дауылы таяп қалды

Үндістанға «Дана» дауылы жақындап қалды, деп хабарлайды 24kz.

Елдің шығысындағы Одиша штатында қазірдің өзінде жаңбыр құйып тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жетеді деп күтілуде. Билік алдын ала қамданып, млн-нан аса адам эвакуацияланып жатыр. Мектептер жұмыс істемейді. Әуе сапарлары кейінге қалды. Пойыздар да қатынамайды. Балықшыларға теңізге шығуға тыйым салынды. Одишамен көршілес Батыс Бенгалия штатында да ескерту жарияланды. Ал, мамандар кейінгі жылдары климаттың өзгеруі салдарынан Оңтүстік Азияда алапат дауылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаулы.