Израиль Газадағы мектепке әуеден соққы жасады

Израиль әскері Газа секторының орталық бөлігіндегі мектепті әуеден соққылады, деп хабарлайды 24kz.

Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 40-тан астамы жараланған. Мектеп ғимаратында палестиналық босқындар тұрып жатқан. Көз жұмғандардың дені әйелдер, балалар мен қарт кісілер. Еврей елінің әскері онда «ХАМАС» өкілдерінің штабы орналасқанын айтады. Сонымен қоса, соққы жасаған кезде бейбіт тұрғындарға мүмкіндігінше зиянын тигізбеуге тырысқандарын да жеткізді