Филиппинде дауылдан 26 адам ажал құшты

Филиппиннің солтүстік-шығысында «Трами» тропикалық дауылынан 26 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.

Табиғи апаттан тағы 2 млн тұрғын зардап шекті. Дауыл Ифугао және Биколсу провинцияларында тасқын мен лай көшкінін тудырды. Желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Аймақтарда 1 күннің ішінде 2 айлық жауын-шашын мөлшері түсті. Үйлер мен алқаптар су астында қалған. Электр желілері үзілді. Әуе рейстері кейінге шегеріліп, мектептер жабылған. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Табиғи апат салдарын жоюға 1500 маман жұмылдырылды. Ел президенті барлық жұмыс сапарларын тоқтатып, төтенше жағдайды өз бақылауына алған.