Иран Израиль шабуылына қарсы бірнеше жоспар дайындап қойды – БАҚ

Иран Израильдің ықтимал шабуылына қарсы бірнеше жоспар дайын қойды.

Бұл туралы парсы еліндегі шенеуніктерге сілтеме жасаған New York Times басылымы хабарлады. Онда Иранның қарымта әрекеті Израиль шабуылының ауқымына байланысты болмақ деп айтылған. Егер еврей мемлекеті бірнеше әскери база мен қоймаға шабуылдаса, Иран ешқандай жауап та қайтармауы мүмкін. Ал егер ядролық нысандар мен мұнай инфрақұрылымына соққы берілсе немесе жоғары лауазымды тұлғалар өлтірілсе, онда  ресми Тегеранның да қарымтасы жойқын болмақ. Иран 1 мыңға дейін баллистикалық зымыранмен атқылауға, Израильдегі жақтас топтарын жұмылдыруға, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін және энергия өнімдерін тасымалдайтын кемелердің ғаламдық жүріс-тұрысына кедергі жасауға дайын екен.