Израиль әскерінің шабуылынан Хан-Юнисте 38 адам көз жұмды
Израиль әскері Газа секторындағы Хан-Юнис қаласын соққылап, салдарынан 38 адам көз жұмды. Тағы 40-қа жуық адам жараланды.
Әскерилер аурухананы атқылаған. Кәугерлер тұрғын үйлердің де шабуылға ұшырағанын айтады. Еврей елінің қарулы күштері болса бұл ғимараттарда ХАМАС өкілдерінің әскери инфрақұрылымдары болғанын жеткізіп, соларды көздегендерін мәлімдеді.