Газадағы Джебалия қаласының 63 мың тұрғыны босқынға айналды

Осы айдың басынан бері Газа секторының солтүстігіндегі бір ғана Джебалия қаласының 63 мың тұрғыны үй-жайын тастап, босып кеткен, деп хабарлайды 24kz.

БҰҰ-ның дерегі осындай. Кейінгі бірнеше аптада Израиль әскері мұнда атыс-шабысты үдете түскен. Мамандар бұл халықаралық құқық талаптарын бұзу екенін айтып, қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырып отыр.

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары:

- Қарулы қақтығыстан көз жұмған бейбіт тұрғындар саны артып барады. Әсіресе, Джебалия мен оның төңірігінде азаматтық инфрақұрылым нысандары қатты бүлінуде. Біздің қолымызда бар мәлімет бойынша қалада қалған адам саны 50 мыңнан 70 мыңға дейін жетуі мүмкін. Олардың жағдайы қиын.