Атыс-шабыстан Ливандағы ауруханалардың үштен бірі жабылды
Кейінгі бір айда Таяу Шығыстағы ахуал ушыққалы Ливанда 100-ден аса медициналық мекеме жабылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл қазір елде бар ауруханалардың үштен бірі қызметін тоқтатты деген сөз. Ресми Бейрут Израиль әскері 50-ден аса емханаға шабуыл жасағанын да хабарлайды. Содан қазір дәрігерлердің жүктемесі артып, көмекке мұқтаж адамдардың барлығын қабылдап үлгермей жатыр.
Фирас Абиад, Ливан денсаулық сақтау министрі:
- Бүкіл ел бойынша 55 аурухана соққыланды. Қаншама медициналық қызметкер шабуылға ұшырады. Соның салдарынан 163 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланды. Израиль әскері кейбіреулерінің денесін алып кетуге әлі рұқсат бермей отыр. Атыс-шабыстан жүздеген жедел жәрдем көлігі де бүлінген.