Халықаралық ұйым Ливанда БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылды айыптады

Журналистерді қорғау комитеті Израиль әскерінің Ливанға жасаған шабуылын қатаң сынға алды, деп хабарлайды 24kz.

Халықаралық ұйым әлемдік қауымдастықты бұқаралық ақпарат құралдарының қазасына қатысты жіті тергеу жүргізуге шақырып отыр. Бұған дейін Ливанның оңтүстігінде тілшілер тұрып жатқан тұрғын үй кешені соққыланған еді. Соның салдарынан жергілікті телеарналардың 2 операторы мен инженері қаза тапты. Ресми Бейрут мұны әскери қылмысқа теңеп отыр. Израиль тарабы әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.