Иорданияда Газа секторының халқын қолдау акциясы өтті

Иордания астанасында мыңдаған адам Газа халқын қолдау мақсатында ереуілге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олар Израиль әскерінің шабуылдарын айыптап отыр. Мәселен Хан-Юнис қаласына жасалған шабылдан кейін 40-қа жуық адам қайтыс болды. Төрттен бірі – балалар. Еврей елінің қарулы күштері: «Бейбіт тұрғындарға мейліше зиянын тигізбей, ХАМАС өкілдерінің инфрақұрылымын ғана нысанға алдық», - дейді. Көшеге шыққан наразы жұрт әлем жұртшылығын бұл шабуылды назарсыз қалдырмай, әрекет етуге шақырып отыр.