О. Шольц Иранды Израильдің шабуылына жауап бермеуге шақырды

Германия канцлері Олаф Шольц Иранды Израильдің шабуылына жауап бермеуге шақырды. Израиль үкіметі неміс тарапына нысаналы соққылар жасайтыны туралы алдын ала хабар берген. Саясаткер тараптарды ұстамдылыққа шақырды.

«Бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға, соның ішінде Газа секторындағы атысты тоқтатып, кепілге алынғандарды босатуға және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливандағы жағдайды реттеу жөніндегі қарарын орындау үшін қажет», – деді Шольц.

Айта кетейік, Израильдің шабуылынан Иранда екі әскери қаза тапты. Ирандық БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша әуе соққыларынан әскери инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келмеген.