Тель-Авивте жүк көлігі аялдамаға соғылып, 37 адам жараланды

Тель-Авивте жүк көлігі аялдамаға соғылып, 37 адам жараланды

Тель-Авив маңында жүк көлігі автобус аялдамасын соғып, 37 адамды жаралады, деп хабарлайды 24kz.

Израиль полициясы: «Бұл лаңкестік әрекет болуы мүмкін», - деп отыр. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді. Біреуінің халі ауыр. Оқыс оқиға Израиль барлау басқармасының штаб-пәтері орналасқан жақта болған. Рөлде болған адамды сол жердегі тұрғындардың өзі тоқтатқан.