Иран Израильге қарымта шабуыл жасауды жоспарлап отыр
Иран билігі Израильге қарымта шабуыл жасауды жоспарлап жатыр.
Бұл туралы осы елдің Рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи мәлімдеді. Ол "Израиль 2 күн бұрын зұлымдық жасады, оның маңызын үлкейтудің немесе кішірейтудің еш қажеті жоқ" деді. Сондай-ақ парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильдің Тегеранға шабуылына АҚШ-тың қатысы бар деп айыптады. Айтуынша, Ақ үй Израиль әскеріне қажетті құрал-жабдық берген.
Аятолла Әли Хаменеи, Иранның рухани көсемі:
"Израиль қателік жасады. Олар Иранға қатысты қатты шатасты. Иранның құдіретін Израиль режиміне қалай көрсету керектігін біздің лауазымды тұлғалар шешеді. Еліміздің мүддесіне сай келетін әрекет жасалмақ."