Израиль мен ХАМАС арасында оқ атуды тоқтату туралы келіссөз басталды
Катар астанасы Дохада Израиль мен "ХАМАС" арасында оқ атуды тоқтату туралы келіссөздер басталды.
CNN телеарнасының хабарлауынша, кездесуге Израиль, АҚШ пен Қатардан делегаттар қатысып жатыр. Бұл кейінгі 2 айда жоғары деңгейде қолға алынған алғашқы басқосу. Бұған дейін Мысыр президенті Израиль мен "ХАМАС"-қа атысты 2 күнге тоқтатуды ұсынған еді. Бұлан бөлек бейбіт бітім 4 еврей тұтқынын қамаудағы бірнеше палестиналыққа айырбастауды да қарастырады. Газа секторына бөгетсіз гуманитарлық көмек жіберу де күнтәртібінде тұр.