2024 жылы Түркияға 60 млн демалушы келеді деп күтіліп отыр. LIVE
Туризм дегенде ойымызға бірден Түркия келеді.
Елде биылғы туризм маусымы қалай өтті? 2025 жылы туризм бағытында қандай өзгерістер болуы мүмкін.
Меруерт Қанағат, меншікті тілші
- Мәдениет және Туризм министрлігінің жариялаған Шекара Статистикасы айлық бюллетеніне сәйкес, биылдың алғашқы сегіз айында Түркияны 40 миллион 295 мың 979 адам келіп, рекорд орнатылды. Жыл соңына дейін келушілер саны 60 миллионға жетеді деп болжануда. Бұл сала мамандырының былтыр қойған межесімен сәйкес келіп отыр. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда шетелдік демалушылар саны 15%ке артқан. Түркияға ең көп турист жіберетін елдер қатарында Ресей мен Германия тұр. Түркия туризмі 2024 жылы ерекше нәтижелерге жетті.
Елдің туристік индустриясы халықаралық саяхатшылар үшін тартымды бағыт болып қала бермек. Шетелдік туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артты. 2024 жылы орташа есеппен бір шетел азаматы Түркияда демалуға 1500-2000 доллар аралығында жұмсады. Бұл сома тұрғын үй, тамақ, экскурсиялар мен сатып алуларды қамтиды. Биылғы жылы туристік қызметтердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10-15% жоғарылады. Бұл инфляция мен материалдық ресурстардың қымбаттауына байланысты болды. Бірақ соған қарамастан туристер санының өсуі байқалады. 2025 жылға арналған жоспарлар да айқын. Түркия билігі жаңа курорттық аймақтарды дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және экологиялық туризмді ынталандыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Жергілікті әкімшіліктер шетелдік туристер үшін ұсыныстарын көбейтуді жоспарлап отыр, ал бағаның қандай болатыны туралы болжау қиын. Ал жаңағы швед үстелі қызметі сауалына келетін болсақ, 2025 жылы да жалғаса береді. Бұл формат Түркияның курорттық қонақ үйлерінде дәстүрлі түрде ұсынылады, және туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Түркияның аспаздық мәдениеті мен алуан түрлілігі швед үстелі арқылы ерекше көзге түседі, сондықтан ол демалушылар арасында әлі де танымал болмақ. Әрине, экологтар ысырапшылдыққа байланысты дабыл қағып отыр. Дегенмен, бұл жүйе жақын арада жойылмайтыны анық.
- Жаңа 2024 жылдың көрсеткіштерін мысал келтірдіңіз. Қазақстандықтардың үлесі қандай?
Меруерт Қанағат, меншікті тілші:
- Қазақстандықтар жаз айларында, яғни үш айда, Түркияға 440,4 мың рет саяхаттаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7% көп. Жалпы 2014 жылдан бері ең жоғары деңгей.
Сарапшылар бағалардың жыл сайын 40%-ға өскеніне қарамастан, Қазақстаннан келетін туристердің санының артуы Түркияның танымал бағыт ретінде сақталып отырғанын дәлелдейді. 2019 жылы Қазақстан азаматтарының Түркияға бару саны жылдық көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай төмен болған. Айта кетерлігі, Аналитиктердің айтуынша, нақты не себепті және қанша уақытқа Қазақстан азаматтарының Түркияға барғаны туралы мәліметтер жоқ, бірақ 2022 және 2023 жылдардағы деректерге сүйене отырып, ең көп саяхат жасалған бағыттардың бірі Анталия болып табылатыны айқын.