Жапонияда билеуші коалиция парламенттегі басымдығынан айырылды

Алдын ала мәлімет бойынша фракция мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында 465 мандаттың 209-ына ғана ие болған.

Ал оппозициялық  Конституциялық-демократиялық партия төменгі палатадағы өкілдігін 143 орынға көбейтпек. Айқын басымдыққа ие болу үшін 233 орын қажет. Биылғы сайлауда экономика, қымбатшылық, тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмендеуі мен халық санының азаюы басты тақырып болды. Бұдан бөлек сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты күшейтуге де үлкен көңіл бөлінген.