ХАМАС пен «Хезболла» Газадағы атысты тоқтату мәселесі бойынша күш біріктіреді

Палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы атысты тоқтату мәселесі бойынша ливандық «Хезболламен» күш біріктірмек. Атап айтқанда, жұмыс Израильмен анклавтағы қақтығысты шешуге бағытталады. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы ХАМАС қозғалысындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Оның ақпары бойынша палестиналық қозғалыс атысты тоқтату туралы ішінара келісім емес, жан-жақты мәмілеге келуге қол жеткізуге тырысады. Бұған дейін «Хезболла» қозғалысының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын орындауға дайын екені хабарланған болатын.