Газа секторында дәрігер жетіспейді
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі гуманитарлық ұйымдардан анклавтағы ауруханаларға медицина бригадаларын жіберуді сұрады.
Бұл жайында CNN телеарнасы хабарлады. Қосымша көмекке, әсіресе, Камал Адван ауруханасы мұқтаж. Газаның солтүстігінде орналасқан бұл мекемеге хирургтер өте қажет. Қазір мұнда бір-ақ дәрігер қалған. Қалғанын Израиль әскері ұстап әкеткен. Бұған дейін еврей армиясы осы Камал Адванда рейд жүргізген болатын. Кейін олар: «Мекеме аумағында ХАМАС қозғалысының қаруы мен оқ-дәрілері табылды» деп мәлімдеген.