Сириядағы шекара бекеті ливандық босқындарды өткізіп жатыр

Израиль әскерінің шабуылына ұшыраған «Джусия» өткізу бекеті ливандық босқындарды қабылдауды тоқтатқан жоқ.

Бұл туралы Reuters хабарлады. Бұл бекет Сирия мен Ливан шекарасында орналасқан. Қазір шектеулі режимде жұмыс істеп тұр. Ол арқылы тек жаяу жүргіншілер өте алады. Тақауда еврей әскерінің шабуылынан Ливанда екі өткізу-бақылау бекеті қызметін тоқтатқан болатын. ЦАХАЛ-дың дерегі бойынша олар «Хезболла» қозғалысына қару-жарақ жеткізу үшін қолданылған.  Жалпы БҰҰ мәліметіне сәйкес, аймақтағы ахуал ушыққалы Ливаннан Сирияға 400 мыңнан аса адам өткен.