Иранда Motorola телефондарына тыйым салынды

Иран Motorola корпорациясының ұялы телефондарын ел аумағына әкелуге және оларды пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Digiato порталының хабарлауынша, Ливандағы пейджерлер жарылысынан кейін билік өкілдері аталған брендтің техникаларынан қауіптене бастаған. Қазір Ислам республикасындағы интернет-дүкендердің көбі аталған компания шығарған құрылғыларды өз каталогтарынан алып тастаған. Қыркүйек айының ортасында Ливанда пейджерлер, телефондар мен рациялар жарылған еді. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Екі мыңнан астам адам зардап шекті.