Ливанда Израиль шабуылынан бір күнде 60 адам қаза тапты
Ливанның шығысындағы Бекаа алқабында Израиль әскерінің әуе шабуылдарынан 60 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың арасында 2 бала бар. 58 адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бұл – Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыс басталғаннан бері болған шабуылдардың ең жойқыны. Ливанда кейінгі бір айда қаза тапқан адам саны 1700-ден асты. ЦАХАЛ әскері «Хезболланың» инфрақұрылымын толығымен жою үшін Ливанның оңтүстігінде шабуылын жалғастырып жатыр