Израиль тұрғындары биліктен Газадағы тұтқындарды елге қайтаруды талап етті
Иерусалимде жүздеген израильдік Газа секторындағы тұтқындарды босатуды сұрап, шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.
Қала тұрғындары Кнессет, яғни, Израиль Парламентінің ғимаратына дейін барып, Үкіметтің Палестина-Израиль қақтығысын сынға алды, сондай-ақ, кепілге алынған тұтқындарды тезірек елге қайтаруды сұрады. Халықтың алаңдауының жөні бар. Өйткені кепілдегі адамдардың тұтқында отырғанына 1 жылдан асты. Бұған қатысты Израиль билігі Қатарда келіссөздер қайта басталғанын мәлімдеді.